Көкшетауда пара алған полицейлер қамауға алынды

Көкшетауда полицияның лауазымды қызметкерлері кәсіпкерден 50 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24». Олар қылмыстық істі жауып тастауға уәде берген. Жемқорлыққа қарсы қызмет аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел шаралардың нәтижесінде 8 шілде күні Көкшетау қаласы Полиция басқармасының орынбасары ұсталды. 9 шілдеде Көкшетау қаласы тергеу сотының үкімімен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.