Көлік нөмірін ұрлау схемасы анықталды

Алматы полициясы жыл басынан бері көлік нөмірін ұрлаудың 21 дерегін тіркеп үлгерген. Нәтижесінде құқық қорғаушылар 20 қылмысты ашып, ұрлық жасаған 3 адамды қылмыстық жауапқа тартқан деп хабарлайды Polisia.kz. Анықталғандай, көлік нөмірін ұрлаған қылмыскер, көлік иесінен арнайы шотқа ақша аударуды талап етеді.

Ол арнайы жазба қалдырып, талап орындалғанда ұры көлік нөмірі қайда жасырынғанын айтады. Бұл құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің “Алаяқтық” бабы бойынша сараланады. Осындай жағдайға тап болсаңыз, 102 пультіне дереу хабарласуды сұраймыз дейді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркен Іңкәров.