Көліктің электронды төлқұжаты 2021 жылдың 1 сәуірінде қолданысқа енеді

Көліктің электронды төлқұжаты 2021 жылдың 1 сәуірінде қолданысқа енеді. Бұл уақытқа дейін электронды құжат жүйесі ІІМ мен басқа да құзырлы органдардың деректер базасымен және ЕЭО елдерінің жүйелерімен біріктіріледі. Kolesa.kz тілшісіне сала мамандары хабарлағандай, электронды құжаттың көптеген артықшылығы бар: ең бастысы көлікке қатысты ресми ақпарат көздерінен алынған деректерге негізделген шынайы мәлімет; заңсыз не күдік тудыратын машинаны сатып алу қаупінің төмендеуі; электронды төлқұжатты жоғалтып алу мүмкін емес және қайта қалпына келтірудің қажеті жоқ; Одан бөлек көлік иесіне әдеттегі техникалық құжат та беріледі. Электронды төлқұжат машинаны қайта тіркегенде де беріледі. Бұл қызмет ақылы болады, бірақ бағасы әзірше белгісіз.