Күн суытқалы бері Жетісу облысында газ баллонның жарылу оқиғалары жиілеген

Күн суытқалы бері Жетісу облысында газ баллонының жарылу оқиғалары жиілеген. Мәселен, соңғы аптаның өзінде Панфилов, Ақсу және Қаратал аудандарында жарылыс болды. Соның салдарынан тұрғындардың баспаналары бүлініп, екі адамды күйік шалған. Оқыс оқиғаға тұрмыста жиі қолданылатын 5 литрлік газ балонын дұрыс пайдаланбау себеп болған,- дейді саладағылар. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті өкілдері жаппай қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы облыс бойынша жылыту маусымы басталғалы бері 95 нысан өртеніп, 4 адам қаза тапқан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 20 процентке аз.