Шығыс Қазақстан облысындағы бұл ауданда қалың қар жауып, ауыл халқы аттап баса алмай қалды. Тіпті халықтың қаламен, аудан орталығымен қатынасы үзілген. Қар құрсауында қалған халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізіліп жатыр деді ШҚО әкімдігінің өкілдері. Әлеуметтік желілерде Күршім ауданындағы ауылдардың қар астында қалғаны туралы видеолар тарап жатыр. Күршім ауданында қаңтардың 7-сінен бастап қарлы боран тоқтамай тұр. Кейбір жерлерде қар қалыңдығы 2 метрге дейін жеткен. Оқушылар қаңтардың 8-нен бастап қашықтан оқу форматына ауыстырылған. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.