Жезқазғанда жаңа жылу электр станциясы салынады

Бұл – қалада электр энергия тапшылығын азайту мақсатында қолға аынған шара. “Жезқазғанда 2029 жылдың соңына дейін қуаты 500 мегаватт жаңа жылу электр станциясын салу жоспарланған. Сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен қуаты 5 гигаваттық ауқымды жобалар дайындалып жатыр”, – деді министр Азамат Сәтқалиев үкімет отырысында.