Канье Уэст полиция қолынан қаза тапқан Флойдтың қызына қаржы аударды

Қаражат Флойдтың алты жастағы қызының колледжде білім алуына жұмсалмақ. Одан артылған ақша көмек көрсету ұйымдары мен әртістің туған қаласы Чикагоның меценат кәсіпкерлеріне бөлінбек.

Рэпер Джордж Флойдтың туыстары мен зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған басқа да афро-америкалықтарға 2 миллион доллар қайырымдылық жасаған. Бұл туралы музыканттың ресми өкілі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің жомарттығы жайлы ABC телеарнасы да арнайы түсірілім жасаған. Еске сала кетейік, 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлері афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындау кезінде қылқындырудан көз жұмған болатын.