Карантин кезінде қытайларды отанына жіберуге уәде еткен алматылық әйел ұсталды

Алматыда карантин кезінде Қытай азаматтарын отанына жіберуге уәде еткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 40 жастағы әйелдің заңсыз әрекетіне 20-дан аса адам шағымданған. Олар полицияға ресми түрде арыз жазды. “Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті 2021 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі аралықта туристік фирма атынан әрекет етіп, Қытай азаматтарына оларды ұшақ арқылы өз отанына жіберуге уәде берген. Бұл қызметі үшін әйел әрқайсысынан 650 мыңнан 950 мың теңгеге дейін ақша алған. Алайда уәдесін орындамаған”, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев. Сот шешімімен әйел қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.