KEGOC қазақстандық компаниясына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді

Нәтижесінде табиғи монополияларды реттеу комитеті заңбұзушылықтарды анықтап, істі сотқа жіберді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Жоспардан тыс тексеріс құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде жүргілген. KEGOC-ке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Компанияға 5 миллионға жуық айыппұл салынуы мүмкін.