Келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы 10 пайызға өседі.
Бұл мақсатқа бюджеттен 636 млрд теңге бөлінген. Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте осылай деп мәлімдеді. Келер жылға 6,8 трлн теңге көлемінде әлеуметтік бюджет жоспарланып отыр. Бұл – биылғы жылмен салыстырғанда 887 млрд теңгеге көп.
