Киевте Зеленский отырған кортеж жол апатына ұшырады

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлімдеді. “Киевте жеңіл көлік Украина президенті отырған кортежбен соқтығысты. Мемлекет басшысымен бірге жүрген дәрігерлер көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Президент те дәрігерге қаралды, қорқатындай жарақаттар жоқ. Тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтайды”, – деп жазды Никифиров Facebook парақшасында.