Коронавирусқа қарсы екпені “қауіп тобына” кірмейтін, әр азамат өзі сатып алуға міндетті

Коронавирусқа қарсы екпені “қауіп тобына” кірмейтін, әр азамат өзі сатып алуға міндетті.
Осылай деген Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның ақысын мемлекеттің мойнына іле салу еш қисынға келмейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

“Қауіп тобына” кіретін 2 миллион 182 мың адамға, нақытрай айтсақ жүрек-қан тамырлары жүйесінің дертіне шалдыққандар, 65 жастан асқан тұрғындар, қант диабеті секілді созылмалы дертке душар болғандар мен дертпен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне тегін екпе қарастырылған.

Ал ведомство қазақстандықтардың барлығын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен екпемен қамтамасыз етудің қисыны жоқ деп отыр.