Коронавирус ауыз қуысында қабыну процестерін тудырады

Коронавирус ауыз қуысында қабыну процестерін тудырады. Бразилия университетінің ғалымдары осылай деп мәлімдеді.

Сарапшылар CОVІD-19 дәм сезудің жоғалуын, кандидоз, ауыз қуысындағы жаралар және тіл мен шырышты қабатта басқа да қабынуға әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді. Мұндай белгілер инфекциядан әлсіреген ағза денсаулығының нашарлауын көрсетеді деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар CОVІD-19-ды емдеу үшін қажетті диагностика тізіміне стоматологиялық тексеруді енгізуді ұсынды.