Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі пессимистік болжам бойынша, елде күніне 4 мыңға дейін науқас тіркелуі мүмкін деп болжайды. 15 шілде күні орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді. “Пессимистік сценарий бойынша алдағы үш айда күніне 4 мыңға дейін, ал “реалистік сценарий” бойынша күніне 2400-ге дейін науқас, оптимистік сценарий бойынша күніне 1000 науқас тіркеледі” деді Ажар Ғиният. Оның айтуынша, тамыз айында коронавирус күш алып, тек тамыздың соңы мен қыркүйектің басында ғана бәсеңдеуі мүмкін.