Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 117 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, бір тәулікте 96 адам коронавирустан қайтыс болды. Ал 1 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 358 фактісі тіркелді және 21 адам көз жұмды. Оған қоса 170 адам емделіп шықты.