Коронавирус пен пандемия 117 адамның өмірін жалмады

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 117 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, бір тәулікте 96 адам коронавирустан қайтыс болды. Ал 1 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 358 фактісі тіркелді және 21 адам көз жұмды. Оған қоса 170 адам емделіп шықты.