Коронавирустан үш күнде 121 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 585 адамға жетті, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 20 шілдеге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған 71 838 адам тіркелген. Олардың 36 069-ы – симптомсыз науқастар. Бір аптаның ішінде науқастардың күнделікті өсімі 2,6 процентті құрады. Осы уақытқа дейін 43 401 науқас жазылып шықты.

“20 шілде бойынша ауру белгілері бар 27 852 науқас ем-дом алып жатыр. 585 адам қайтыс болды. 1 791 293 тест жасалды”, – делінген ресми хабарламада.