Коронавирустың екінші толқыны басталса, 2,2 млн адам қиын жағдайда қалуы мүмкін

Коронавирустың екінші толқыны басталып, елде қатаң карантин жарияланса, 2 миллион 200 мың адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр COVID-19 пандемиясы еңбек нарығына әлі де қатер төндіріп жатқанын атап өтті. Айтуынша, елде қатаң карантин енгізілсе, 2 миллионнан астам адам қиын жағдайда қалады.

“Егер коронавирустың екінші толқыны басталып, қатаң шектеу шаралары қабылданатын болса, біздің бағалауымыз бойынша, жұмыс істеп жүрген 2 миллион 200 мыңнан астам адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін”, – деді Нұрымбетов.