Курсанттың өліміне қатысты қазақстандық ата-аналар үн қосты.

Курсанттың өліміне қатысты қазақстандық ата-аналар үн қосты. Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов ас үй қоймасында асылып қалған еді. Tengrinews.kz мәліметінше, Саламат Өтегеновтің анасы Бекзат Иманғалиеваға басқа курсанттардың ата-аналары хат жазып, оқу орындарында ақша жинау, қысым көрсету фактілері барын айтқан. Еске салайық, қайғылы оқиға 13 желтоқсанда Алматыдағы ІІМ академиясында болған. Сол күні ІІМ академиясындағылар Саламаттың ата-анасына қоңырау шалып, баласы өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлаған. Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, Саламат бірінші курстан бастап ата-анасынан ақша сұрай бастаған, оның ішінде қысқы сессияны тапсыруға 80 мың теңге де сұраған кездер болыпты.Қазір осы дәйек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті. Ведомство бұйрығымен сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылау болмағаны үшін академия басшысы Өмербай Смайылов қызметінен босатылды.