Декларация мәтінін съездегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі, Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс таныстырды. 35 тармақтан тұратын құжатта қазіргі таңдағы жаһандық проблемалар барынша қамтылған. «Біз әлемнің пандемиядан кейінгі дамуы мен әлемдік процестердің жаһандануы және қауіпсіздікке төнетін қатерлер жағдайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бейбітшілік пен ынтымақтастық үшін диалогты нығайту, сондай-ақ рухани және адамгершілік құндылықтарды ілгерілету жөніндегі бірлескен күш-жігерді іске асыруда маңызды рөл атқаратынын мәлімдейміз», – делінген декларацияда.