ІІМ бетперде таққан жігіттердің әрекетіне қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде бетперде таққандардың балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен видеосы тарады. Министрлік осы оқиғаға қатысы бар күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Олар 16 және 21 жаста. Ақтау қаласындағы екі оқиға әртүрлі уақытта болған. Екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтады. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Полиция дерегінше, тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғалардың толық мән-жайы анықталуда.