25 тамыздан бастап қаладағы Сығанақ көшесінің бір бөлігінде жол қозғалысы шектеледі. Өйткені бұл жерде LRT монолитті темірбетон балкаларын орнату басталады, деп хабарлайды CTS компаниясы Instagram-дағы ресми парақшасында. “Осыған байланысты Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі”, – делінген хабарламада. Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.