Алматыда бүгіннен бастап қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы өсті

Автобустарда, метрода және троллейбустарда жол жүру ақысын картамен немесе SMS код арқылы төлегенде 100 теңге, ал қолма-қол 200 теңге болады. Бұрын жол жүру құны 80 және 150 теңге болған еді. 50 пайыз жеңілдікпен жол жүру құны 50 теңгеге тең.