Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімовке қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жариялады

Айта кетейік, Мәсімов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігіне іліккен. Тергеу барысында Мәсімов әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған. “Жылжымайтын мүлікті заңсыз алу деректері, қымбат сыйлықтар, оның ішінде мәдени құндылықтар, отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерінен және шетелдік субъектілерден қомақты қаражат алу дерегі құжатқа түсті. ҰҚК төрағасы лауазымында Мәсімовтың жабық келісімшарттардың бірі бойынша шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алу дерегіне тергеу жүріп жатыр”, – делінген хабарламада. Аталған қаражаттың Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылуы қамтамасыз етілетіні айтылды.