Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрт департаментінің бұрынғы басшылары жауапқа тартылып жатыр

Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “ҰҚК бұрынғы төрағасы, оның орынбасарлары және облыстық департаменттерді басқарған бірнеше қызметкер, яғни тағы төрт департамент басшысы. Олар Қызылорда, Алматы облыстары және Алматы қаласының департамент басшылары және бесінші департаменттің бұрынғы басшысы. Барлығы жеті адам жауапқа тартылып жатыр”, – деді Әмірханов. Оларға әрекетсіздігі мен салғырттығы үшін” іс қозғалды, деп нақтылады Әмірханов.