Қазақстанда 2022 жылы әлеуметтік төлем алатын азаматтар үшін цифрлық әлеуметтік әмиян енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестерін барынша цифрландыруды тапсырған еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдегендей, әлеуметтік әмиян – банктік шоттарға балама болады. Цифрлық әмиянға аударылған әлеуметтік төлемдер банктер, салық органдары немесе коллекторлық фирмалардан қорғалған.