Ұлттық банк әлеуметтік әмиян қашан қолданысқа енгізілетінін жария етті

Қазақстанда 2022 жылы әлеуметтік төлем алатын азаматтар үшін цифрлық әлеуметтік әмиян енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестерін барынша цифрландыруды тапсырған еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдегендей, әлеуметтік әмиян – банктік шоттарға балама болады. Цифрлық әмиянға аударылған әлеуметтік төлемдер банктер, салық органдары немесе коллекторлық фирмалардан қорғалған.