«Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша әр балаға шамамен 130 доллар аударылады.
Бұл сома алдын ала есепке негізделген және Ұлттық қор активтерінің инвестициялық кірісіне, сондай-ақ жыл қорытындысындағы макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты нақтылануы мүмкін. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осылай деп мәлімдеді.
