Арнайы комиссия кеншінің қалай қаза тапқанын анықтауға кірісті. Ер адама “Өркен” ЖШС кенішінде жұмыс істеген. Алдын ала болжамға сәйкес, 39 жастағы ер адам тау жыныстары үйіндісінің астында қалып қойған. Кәсіпорын басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтты. Қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдау шаралары ұжымдық келісімшартқа сәйкес көрсетіледі.