Түркиядағы жол апатынан қазақстандық жансақтау бөлімінде көз жұмды

Қаза тапқан ер адам атыраулық журналист Арайлым Бақытжанның күйеуі. Қаралы хабарды Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жеткізді. Ведомствоның мәліметінше, “ұлын туыстары алып кетті, ол қазір Қазақстанда. Қайтыс болған үш адамның денесі бүгін Қазақстанға жіберіледі”. Естеріңізге сала кетейік, 3 қыркүйек күні Аланияда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан қазақстандық әйел мен оның қызы қаза тапқан еді.