Мұратхан Тоқмәди Алматыдағы колониядан ауыстырылды

Мұратхан Тоқмәди Алматыдағы колониядан ауыстырылды. Қазақстандық кәсіпкер адам өлтірген қылмысы үшін Қарағанды облысындағы аралас қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осылай деп мәлімдеді деп хабаралады Tengrinews.kz. Еске сала кетейік, бизнесмен Мұратхан Тоқмәди 2017 жылдың маусымында қамауға алынған.

Сот оны бопсалау және қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау қылмыстары бойынша кінәлі деп тапты. Сот айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды. Кейін Тоқмәди КТК телеарнасына берген сұхбатында Тәтішевтің өліміне кінәлі екенін мойындады. Ол “Тұран Әлем Банкінің” бұрынғы басшысын өлтіруге Мұхтар Әблязов тапсырыс бергенін айтты. 2018 жылы наурызда Тоқмәди он жарым жылға бас бостандығынан айырылды.