Мәскеуде көз жұмған қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне күдікті ретінде ұсталған Муртузали Меджидовке қатысты бұлтартпау шарасы қабылданды

Мәскеуде көз жұмған қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне күдікті ретінде ұсталған Муртузали Меджидовке қатысты бұлтартпау шарасы қабылданды

Ресейлік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дағыстан Республикасының бұрынғы премьер-министрінің ұлы қазір тергеу изоляторында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Мәскеудің Басман соты оны екі айға қамауға алуға санкция берген. Еске сала кетейік, 2018 жылдың 3 мамырында Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болды.

Ресей тарапы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғада. Сонымен қатар, тергеу органдары марқұмның өзіне қол салуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырған. Алайда Томирис Байсафаның анасы өмірге құштар қызының өзін өлтіруі мүмкін емес екенін айтқан болатын.