Мәскеудегі терактке қатысы бар тағы бір күдікті қамауға алынды.

Крокус Сити Холлдағы терактке қатысы бар тағы бір күдікті қамауға алынды. күдікті Әлішер Қасымов Қырғызстанның тумасы. Оған қатысты сот 22 мамырға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Әлішер Қасымов Крокус Сити Холлда теракт ұйымдастырды деген сегізінші күдікті.