Мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша exit poll-дың нәтижелері жарияланды

Мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша exit poll-дың нәтижелері жарияланды. Алдын ала нәтижелерді “Қоғамдық пікір” зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz . Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін есептеп шығарады. Сонымен экзит-полдың мәліметінше, Қазақстан парламентіне үш партия өтті . Олар- Nur Otan, Қазақстан Халық партиясы (ҚХП), және “Ақ жол”. Мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша exit poll нәтижелері : Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 9,03 пайыз дауыс; Nur Otan партиясы – 71,97 пайыз дауыс; “Ауыл” партиясы – 5,75 пайыз дауыс; “Ақ жол” партиясы – 10,18 пайыз дауыс; ADAL саяси партиясы – 3,07 пайыз дауыс жинаған.