Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева “Ashyq” мобильді қосымшасының олқылықтары мен кемшіліктерін тізіп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Ashyq” қосымшасы адамдардың жеке мәліметтерін жинауы мәжілісменнің алаңдаушылығын туғызды. “Мәселен, қосымшаны пайдалану тоқтаған кезде, азаматтардың жиналған жеке деректері қайда кетеді? Мобильді қосымшаның қауіпсіз екені де күмән тудырады. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ол әлі ақпараттық қауіпсіздікке тексерілмеген”, – деді Имашева. Қосымша арқылы кіруге болатын нысандардың тізімі де көрсетілмеген. Мекемеге кірмес бұрын өз статусыңды тексеріп алу мүмкіндігі жоқ.