Назарбаев: халықтың табысы тоғыз есе өсті

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері қазақстандықтардың табысы 9 есе өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Халықтың табысы тоғыз есе өсті. Әрине, әлі де ақшасы жетпейтін, өмірде өз орнын таба алмаған адамдар бар. Бірақ табыстың тоғыз есе өскені бұл – факт. Біз, аға буын мұның не екенін жақсы түсінеміз және қазір қиын жағдайда жүрген адамдардың табысы көбейгенін қалаймыз”, – деді Назарбаев ҚХА-ның 29-шы сессиясында. Елбасы Тәуелсіздік жылдарында жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13 есе артқанын атап өтті.