Мамин азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Маминнің айтуынша, әкімдіктер алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаса, азық-түлік бағасын өсірмей, тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.

“Біз импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бағаны қымбаттатуға ешбір себеп жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрі бойынша бағаның тұрақтылығына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі”, – деді премьер үкімет отырысында.