Қазнет қолданушылары германиялық блогердің YouTube-арнасындағы микроскоп арқылы медициналық масканы түсірген видеосын талқылап жатыр. Ви”жіптерді” байқағанын айтады. Видео авторы ол адам ағзасына енетін “паразиттер” немесе нанороботтар деп болжаған. Stopfake.kz басылымы бұл ақпаратты шындыққа жанаспайтынын жазды. “Медициналық маска мен зондта және ПТР-сынамасына биоматериал алу құралында наноботтар бар деген ақпарат жыл басында пайда болды. Зондтан алынған талшық күміс реңкке ие және қозғалады. Содан желі қолданушылары талшықтар шынымен тірі деп түйіндеген. Алайда синтетикалық талшықтың қозғалысы олардың тірі ағза екенін мүлдем дәлелдемейді. Биоматериал алуға арналған зонд полиэстер немесе вискоздан жасалған. Бұл материалдар статика зарядын жинақтайды, сол себепті қозғалады. Жұқа талшықтар адамға байқалмайтын ауа қозғалысынан да қозғалуы мүмкін”, – деп жазады Stopfake.kz.