Навальный заң бойынша жауап береді. Владимир Путиннің өкілі

Дмитрий Песков осылай деп мәлімдеді. “Ол – Ресей Федерациясының азаматы. Өз әрекеттері үшін заң бойынша жауап береді. Біз неге заңды қабылдаймыз, егер ол орындалмайтын болса?”- деді Песков. Еске сала кетейік, Навальный бірінші рет “Кировлес” ісі бойынша 16 миллион рубльден астам қаржы жымқырды деп айыпталған болатын. Екінші рет “Ив Роше” ісі бойынша 30 миллион рубльден аса ұрлық жасады деп шартты мерзімге сотталды. Нәтижесінде Навальный 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол түрмеде 1 жыл жазасын өтеді. Навальный бұған дейін колонияда алты сөгіс алғанын және айып изоляторына ауыстырылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Бұған дейін 20-дан аса ресейлік дәрігерлер Ресей Федерациясының Федерал жазалау қызметі мен “саяси басшылығына” ашық үндеу жариялады. Онда дәрігерлер Алексей Навальныйға медициналық көмек көрсетуді талап еткен. Олардың айтуынша, оның денсаулығы нашарлаған.