Келер жылы 17 туроператор қажылыққа ниет еткен отандастарымызға қызмет көрсету құқығына ие болды. Осы жылдың басты өзгешелігі, желтоқсанның 20-на дейін тіркелген азаматтар ғана қажылыққа бара алады. Себебі Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігінің талабына сай, “Қажылық-2024” маусымы бойынша белгіленген уақытқа дейін қажылар тіркеліп біткен елдерге қажылық орындары берілмек.