Келер жылы Астана әуежайының ұшу-қону жолағы жөнделеді

Елорда әуежайын дамыту аясында Terminals Holding Group (БАӘ) компаниясымен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұзақ мерзімді перспективада жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту, толыққанды мультимодальды хаб құру жоспарда бар. Азаматтық авиация комитеті осылай деп хабарлады. Келер жылы Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, Балқаш қаласы әуежайының перронын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жеке инвестиция есебінен Алматы, Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары салынады. Құрылыстың аяқталуы 2024 жылға жоспарланған. Бұған қоса биыл Қостанай әуежайының аэровокзалын телескопиялық трап және келу залын салу арқылы реконструкциялау жұмысы аяқталуда. Бұл инфрақұрылымдық жобалар жолаушылар тасымалының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді дейді комитеттегілер.