ҚМДБ карантин жағдайында Құрбан айтты атап өту тәртібін түсіндірді

Бұл сауалға басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жауап қатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Оның сөзінше, екі апталық карантин шаралары ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды. Биыл Құрбан айт 31 шілдеге, яғни жұма күнге түсіп тұр. Сөз арасында наиб мүфти құрбандық шалу тек жағдайы бар адамға ғана міндет екенін еске салды.