Мектептерде коронавирус жұқтыратын антисептиктер қолданылады

Мектептерде коронавирус жұқтыратын антисептиктер қолданылады. Қазақстандықтар Telegram-чатта осындай мазмұндағы хабарламаларды талқылауда. Желідегілердің пікірінше, бұл ата-аналарды, балаларды вакцина алуға ынталандыру үшін жасалады. Бұл қауесетті ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп жазады stopfake.kz. Былтыр білім беру ұйымдарында дезинфекциялық тоннельдер алынып тасталды. Оған тыйым салынған. Бір ғана шарт – мектептерде дезинфекциялық төсеніштер болуы керек. Балаға тікелей ештеңе бүркімейді. Мектептерде қатаң бақылаудан өткен және сертификатталған антисептиктер ешқандай ауру жұқтырмайды. Егер ата-аналар баланың ортақ антисептикті қолдануын қаламаса, оны жеке санитайзермен қамтамасыз етуге рұқсат етіледі, – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.