Тәліптер Панжшер провинциясын қоршап алғанын мәлім етті

Тәліптер Панжшер провинциясын қоршап алғанын мәлім етті. “Талибан” қозғалысы Қазақстанда тыйым салынған ұйым. Тәліптердің мүшесі Амир Хан Моттаки Панжшер провинциясының басшыларымен келіссөз нәтиже бермегендіктен осылай күш қолданған. Тәліптер Панжшердегі ауған азаматтырына қару-жарақтарын тастауға, олардың жетекшісі Ахмад Масудқа берілуге шақырды. Моттакидің айтуынша, тәліптер Панжшер алқабының төрт жағынан келіссөз жүргізіп жатыр, соғысқа ешқандай себеп жоқ. Ол тәліптерді НАТО мен АҚШ күштерінің қолдауымен жеңе алмайтынын ескертті.