Шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторийді алып тастау ұсынылды

Шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторийді алып тастау ұсынылды.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, былтыр енгізілген бұл тыйым кассалық тәртіпті төмендетті. Есесіне кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдаған. Егер мораторий алып тасталса, мемлекеттік бюджет кірісі ұлғаяды,- дейді министр.