Мектептерде оқушыларға вакцина салынады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді. “Балаларды вакциналау оқу орнындарындағы егу пункттерінде және республиканың екпе салу желісінде жүргізіледі. Ата-аналардың немесе кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің басқа да заңды өкілдерінің ерікті түрде хабардар етілген келісімінен кейін ғана екпе салынады”, – деді Цой үкімет отырысында.