Мектептердегі дезинфекциялық құралдардың химиялық күйік тудыратыны рас па

Әлеуметтік желі беттерінде кезекті жалған ақпарат тарады. Бұл жолы ата-аналар мектепке барған балаларында қатты жөтел пайда болғанын айтуда деп жазады stopfake.kz. Желіде тараған видеода бірнеше әйелдің What’sApp мессенджері арқылы хат алмасқаны көрінеді. Олардың сөзінше, балаларда қатты жөтел басталған. Ролик авторының пайымдауынша, бұған жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күйік шалуы себеп болған. Басылымның жазуынша, Қазақстанда мектептерді, ауруханаларды, адамдар көп жиналатын орындарды және өзге де орындарды дезинфекциялау үшін уытты және денсаулыққа қауіпті заттар пайдаланылмайды. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлім еткен.