Мемлекет басшысы Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Салық кодексіне қатысты пікір білдірді.

«Ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүрліктірудің ешқандай жөні жоқ. Мұндай реформа көптеген елде жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ресейде қосымша құн салығы жуырда 22 пайызға дейін көтерілді. Біздің реформамыз – қатардағы “фискалдық науқан” емес, салық жүйесін қайта құру деген сөз. Алдымызда тұрған басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету», — деді Президент Turkistan газетіне берген сұхбатында.