Мемлекет басшысы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды

Президенттің пікірінше, жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек. “Барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұрыс емес деп санаймын. Сол себепті мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болу шарт. Әрине, мұны оқу орындарынан біртіндеп талап еткен жөн”, – деді ол. Бұған қоса, Тоқаев әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санатқа жататын студенттер үшін пәтер жалдауға кететін шығынды субсидиялау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.