Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді. Бұл шенеуніктер санын қысқарту арқылы мүмкін болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында осылай деп мәлімдеді. «Мемлекеттік орган қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеуге көшуі мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын және қысқарту қажет екенін көрсетті. Биыл олардың санын 10 процентке, келер жылы тағы 15 процентке қысқарту қажет. Сол үнемделген қаржыға қалған қызметкерлердің жалақысы көбейтіледі», – деді Мемлекет басшысы.